Мындан артык да кандай улуттук сыймык болушу керек, замандаш! 2-3 күндөн бери казак тилине которулуп, «Астана» телеканалы тартуулаган «Курманжан датка» фильми боюнча казак боордошторубуз алган таасирлер интернет айдыңын жара турган уу-дууга айланды. Төмөндө Фейсбук боюнча колго илинген айрым гана комментарийлерди сайтыбыздын окурмандарына тартуулоону эп көрдүк.

Фильмге таасирленгендердин эмоциясы, агынан жарылган чындыгын толук чагылдыруу максатында комментарийлерди эч бир оңдоосуз жарыяламакчыбыз.

♦ ♦ ♦

Айсұлтан Жақыповтың посты мен Daniyar Alanның сілтемесінен кейін «Құрманжан датқаны» көріп шықтым. «Мәссаған, неден құр қалғанмын, мына киноны көрмей баяғыдан қайдан жүрмін» деген ойға қалдым. Керемет, әлі толқып отырмын шынымды айтсам.
Әттең, «Көшпенділер» мен «Жаужүрек мың балаға» да осылай толқып, көзіме жас алғанымда ғой. Бір сәтке ішім күйіп, кәдімгідей қырғыздардың кинодағы аяқ алысына қызықтым да. Туу, керемет түсірген.
Негізі, фильмнің ұтымды шығуына режиссер мен сценарийден бұрын, оператордың түсірушілік қырағылығы да қажет пе деп қалдым. Табиғат, адам, жануар қозғалыстың бәрін камера алдында үнсіз болса да «сөйлете» алған. Оператордың шеберлігі – фильмнің философиясын тартымды етіп түйіндеп бере алған.
Ортақ тарих, салт-дәстүр мен тыныс-тіршіліктің туыстығы, бәрі-бәрі экранда әдемі өрілген. Әлімбек датқаның жайнамаз үстіндегі өлімді қасқайып күтіп алғаны кімді де болсын бейжай қалдырмайды. Достойно өлу – өмірден де достойно сыйлығыңды алып кету екенін түсінесің.
Құрманжан датқаның тегі асылдығын дәлелдеп, ез еркекке тапталмай өз сұңқарына қашып келіп қосылғаны да мықты сюжет. Шакалдар қай заманда да болған, бола да береді. Фильмде тәуелсіздіктің басты жауы сыртқы жаудан бұрын сатқынның қауіпті екенін бадырайтып көрсетпесе де тұспалдап кеткен. Атыс барысында Абдылдабектің орыс жасағын ертіп келе жатқан сатқынды атып түсіруге тырысқан жері де мықты сюжет.
Тағы да ішім күйді. Басты рольге де әдемі ғана емес, терең де тұңғиық жанармен қарайтын актриса таба алған. Орта жастағы, кейіннен қария жасқа жеткен әжені де мықты таңдаған. Әлімбек датқаның да жүзінен мейірім тараған көзқарас, ұлының да дар алдында тайсақтамай ұлттық мүдде үшін биік тауларға соңғы рет сағыныш пен өкініш, үмітке толы асқақ көзқараспен көз жұмғызғаны да, анасының өз перзентін өлімге қасқайып шығарып салуы – жауының өзін орнынан тұрып құрметтеткізді. Ойладым, әңгіме басқыншылықта, шапқыншылықта да емес-ау, өмірдің мәні тазалық пен шындық, елге деген махаббатты қандай зар заман болса да осылай асқақ дәлелдеуге болады екен ғой.
Екі елдің бейбіт ымыраға келуі тұсында Құрманжанды ұлттың анасы ретінде ардақтаған орыс офицерінің иманжүзділігі, елдің басын біріктірер кезде ерлерді қайрап, Манас батырдың ұрпағы екенін еске салғаны да ұтымды сюжеттер.

Қыз – ұлттың ұяты, әйел – ұлттың ары, намысы. Әйелін көп шешіндірген (әдейі тырнақшасыз жазып отырмын) қоғамның ертеңі әрине азып-тозуға алып келетінін мен айтпай-ақ біліп отырсыз. Ер азамат үйіндегі ғана емес, ұлтының ертеңін жалғайтын қыз-келіншектің бәріне қамқор болса, Құрманжан сияқты аналар көбейер еді.
Есімде, «Жаужүрек мың баланы» кинотеатрға Гүл Советханқызымен көруге барғанымда ішім пысып: «Мынаны көп созып жіберіпті, не деген пафос! Осы біз комплекстен қашан арылар екенбіз?» деп қарным ашып шыққаны есімде. Со кезде Гүлдің шыр-пыры шығып, «Қойшы, Жан, өзімізді өзіміз жерге ұра бермейікші, жап-жақсы кино! Әрқайсысымыз патриот болайықшы! Сөйтіп-сөйтіп түзелеміз» деп мені «позитивно» қарауға шақырған еді.
Сондағы айтпағым, фильмді көріп болған соң «Құрманжан датқадағы» сияқты толқыныс пен шамырқанған сезім, жігер мен ұлтыңа деген махаббатты оятатын тылсым бір күшті іздеген болсам керек. Қысқасы, фильм супер.
А, сосын Құрманжанды ер адам деп ойлап қаппын))))))))
♦ ♦ ♦

Rakhima Mukazhanova добавила 5 новых фото.
28 января в 16:26 •
«Астана» телеарнасынан кыргыздын «Курманжан Датка» фильмин кордим. Куйеуинен айрылып, елинин бар киындыгын басынан кеширген, бир улынан урыста айрылып, екинши улды елин сактап калу ушин олимге киып, олигин арбага салып алып кайтып бара жаткан. Ели ушин Кокан хандыгы мен канды кылыш орыс патшасымен тил табыса билген кайсар Ананы кордим. Табигат сулулыгы мен Ананын ишки табигаты астасып жатты. Корсениздер окинбейсиздер.
♦ ♦ ♦
Алмат Әбдіраман
28 января в 15:53 •
«Астана» телеарнасынан Қырғыз бауырлардың «Құрманжан датқа» фильмін көріп отырмын. Еш жасандылық жоқ. Тамсанатындайы бар. Біздікілер сияқты қомпыш-қомпыш киім көрмедім. Бəрі жарасымды. Қазақ киногерлері ренжімесін. Режиссері Садық Шер-Нияздан кереметпіз, пішту деп бəлсініп, бұлданбай тағылымды тарихи фильм түсіруді көрші ағайыннан үйренген де тұрған дəнеңе жоқ. Рух, намыс, қайрат — бəрі бар. Діни элементтер болғанымен, бояуы қалың емес.
Бізді қайдам, Қырғыздар рухани жаңғыру жолына баяғыда-ақ түскен екен.
#Құрманжан_датқа #Қырғыз #Фильм
♦ ♦ ♦
Майрам Дуйшеналиева
29 января в 16:17 •
Совсем не разбираюсь в индустрии кинофильма, но все таки прочитав комментарии братского народа глубоко задумалась.
За какие-то гроши снимать фильмы или в нем сниматься в холод -голод а главное без каких-либо государственных наград, все таки с сегодняшнего дня я оценила, т.е глубоко оценила наших киношников
Низкий вам поклон 🙏 👍
♦ ♦ ♦

Руслан Акматов добавил 4 фото и видео — в городе Alma-Ata, Almaty, Kazakhstan.
28 января в 1:39 •
Сегодня на телеканале Астана astana.tv показали фильм правительницы Алайских Кыргызов «Курманжан Датка» !!!
Благодарим!!! 👏 👏 👏
Примерно 3 года назад активистами Кыргызской диаспоры в Алмате организовали кинопоказ премьеру данного фильма! Молодцы ! Когда полный зал кинотеатра «Арман» после окончании фильма не останавливаясь как минимум 10 минут стоя хлопали овациями и с криками «БРАВО» городости не было предела увиденным!!!
Спасибо огромное режиссеру фильма Уважаемому Sadyk Sher-NiyazАгай!
После, уже когда начали собираться уходить, мой тесть моей дочери обратился: «Датка» …
Я был окрылён …
Не потому что он сказал, а потому что он попал в точку моего ожидания в будущем …
Сразу же подняв дочу побежал в толпу, где фотографировались с актрисой фильма, которая играла в главной роли @mambetova.nazira !
Передав дочери к ней на руки, я прошептал: доча моя будущая «Датка» Кыргызского народа!))
В ответ она поцеловала по лбу Айзирек и сказала: «Айланайын, келегой».

Эта фотография всегда хранится у меня в памяти телефона, если я меняю телефон, то, фото я перекидываю на новый))
Дай бог, чтобы у каждого дома расли будущие Баатыры и Датка !!!
Нам продолжать историю …
#письмодочери
#кызымданүмүтүмзор
#DolosbekAizirek
♦ ♦ ♦

P.S. Комментарийлер топтомун окурмандарыбыз үчүн мындан ары да улантабыз…

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.